ҚР ІІМ өкілдері проблемалық нысандардың салымшыларына үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ өкілдері проблемалық нысандардың салымшыларына үндеу жасады © Tengrinews.kz

ҚР ІІМ өкілдері күрделі нысандардың салымшыларынан хабарласуды сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ өкілдері күрделі нысандардың салымшыларынан хабарласуды сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіндегілер "Төленді", "Арна-Дан"/НИПИ" және Sofia Elit тұрғын үй-құрылыс нысандарының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар "Столичный-2", "Көктал-2", "Аниса-1", "Аниса-2", "Аниса-3", "Абат", "Венера", Телман ауылы, "Аманат", "Комсомольский", "Метро-1", "Метро-2", "ЭКСПО", "Золотая Миля" және "150 лет Абая" сияқты тұрғын үйлерді салу барысында алаяқтық әрекеттер жасап, үлескерлердің қаражатын жаратқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Осыған байланысты ҚР ІІМ өкілдері жоғарыда көрсетілген тұрғын үй-құрылыс кооперативтерімен келісімшарт жасасқандарға ҚР ІІМ Тергеу комитетіне мына мекен-жай бойынша хабарласуларына кеңес берді: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 немесе мына нөмірлерге қоңырау соғуларын сұрайды: 8 (7172) 71-42-96, 71-40-22, 71-42-16, 8701-590-96-20, 8775-737-30-01, 102.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети