ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы - Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Ресей Кеден академиясын экономист, қаржыгер, заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.
2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013-2016 жылдары ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болып істеген.
2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2 дәрежелі "Айбын" орденімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.