Ақтөбеде арақ ішуге арналған 100 рөмке Қазақстанның мемлекеттік сатып алулары сайты арқылы ізделген, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".
Ақтөбеде арақ ішуге арналған 100 рөмке Қазақстанның мемлекеттік сатып алулары сайты арқылы ізделген, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".
Бұл мәліметті тапсырыс беруші "Жастар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ - goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алулар порталында жариялаған. Хабарландыруда шишадан жасалған 100 рөмкені данасына 100 теңгеге сатып алу туралы жазылған. Тапсырыс беруші тауардың бір жыл ішінде жеткізілуіне келісім беріп отыр.
Журналистерді Ақтөбе қаласының білім бөлімінің "Қалалық жас туристердің станциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны да таңғалдырып отыр. Туристерге ақжелек қажет болған.