2016 жылы ҚР Мемлекеттік туына жұмсалатын 38,78 миллион теңге көлеміндегі қаражат үшін "A&K Company" ЖШС-пен келісімшарт жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпараттарға Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты жүргізген мемлекеттік сатып алуларға жасалған қорытынды хаттама дәлел.

"Мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін "Дереккөзден интернет арқылы сатып алу" әдісімен "A&K Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасау шешілді", - делінген хабарламада. Egov порталының мәліметінше, "A&K Company" ЖШС 2014 жылдың 20 наурызында тіркелген. Ал қызмет түрі деген жолақта былай жазылған: электртехникалық және монтаж жұмыстары. Сонымен қатар, порталда 2015-2016 жылдары төленген салықтар көрсетілген.
Осыған дейін Астана қаласы "Есіл" ауданының әкімдігіндегілер 38 миллион теңге сомасы жайлы айта отырып, қаржыландыру Астана қаласының "Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешенінің аясында іске асырылатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, әкімдіктің сайтында Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Мемлекеттік туды ауыстырып тұруға тура келетіні хабарланған.