04 қыркүйек 2018 | 10:53

ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департамент басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментін Данияр Таумұрат басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментін Данияр Таумұрат басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Алматы қаласы бойынша өңірлік департамент басшысы қызметіне Данияр Таумұратты тағайындады", - делінген хабарламада.  

Данияр Таумұрат 1982 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде заңгерлікті оқып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған. Сондай-ақ, ол Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің түлегі, "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде тәжірибесі бар.

2014-2015 жыл аралығында Мәдениет министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің меңгерушісі.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бюросында, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде департаментте директорлық қызмет атқарған. 

Жаңа қызметке тағайындалған Данияр Таумұратты таныстыру кезінде Саян Ахметжанов оның тағайындалуы ең алдымен орталық аппарат тәжірибесін өңірлерге беру маңыздылығына байланысты екенін атап өтті.

"Орталық-аймақ" негізінде жүзеге асырылған бұл айналым орталық деңгейден өңірлік деңгейге дейін таратуға қабілетті лидерлердің аумақтық органдарын нығайтуға мүмкіндік береді", - дейді Саян Ахметжанов.

Осыған дейін Алматы қаласы бойынша бұл аумақтық департаменттің бастығы болған Айгүл Байханова Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети