26 тамыз 2014 19:58

ҚР өндіріс орындарындағы жұмысшының өлімі үшін жұмыс беруші 7 жылға дейін сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото today.ru сайтынан алынды Фото today.ru сайтынан алынды

Астана қаласындағы құқық қорғау органының басшылығы келер жылдан бастап өндірісте болатын қайғылы оқиғалардың алдын алып, оларды болдырмау мақсатында жұмыс берушілерді қатаң жазаға тарту нормасы енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласындағы құқық қорғау органының басшылығы келер жылдан бастап өндірісте болатын қайғылы оқиғалардың алдын алып, оларды болдырмау мақсатында жұмыс берушілерді қатаң жазаға тарту нормасы енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2015 жылдан бастап жаңа Қылмыстық Кодекс күшіне енбек. Онда жұмысшының денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда жұмыс берушіні қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқық беретін бап бар. Бүгінге дейін біздің елдің тәжірибесінде ондай жаза болмаған. Тіпті саусақ сынып қалса да енді қылмыстық іс қозғалады", - дейді Ішкі істер Департаменті бастығының орынбасары Санжар Әділов елордамыздағы құрылыс нысандарын жан-жақты тексеру барысында.

Сондай-ақ, ол "егер өндіріс орнында екі немесе одан да көп адам қаза болған жағдайда жаңа ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жұмыс берушінің жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылатынын" айтып қалды.

Астана қаласындағы ІІД-ның ақпаратын алға тартсақ, тек бірінші тамыздан бері өндіріс нысандарында 82 қайғылы оқиға тіркеліпті.

Оның 80-і қазір құқық қорғау органдарының бақылауына алынған. Айта кетейік, комиссияның тексеруі кезінде әдетте он оқиғаның екеуі жұмыс берушілер тарапынан болса, қалғандары жұмысшының өз кінәсінен болатындығы анықталып жатады екен.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети