14 қаңтар 2016 10:51

ҚР Парламент Сенаты төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламент Сенаты төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламент Сенаты төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищановтың қызметінен кету туралы өтініш тастағанын айтты. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді. Депутат Парламент қабырғасында 10 жылдан аса жұмыс істеген. Оның Сенат төрағасы орынбасары қызметінен кету туралы ұсынысын әріптестері қолдады.

"Мен 10 жылдан аса уақыт бойы осы қабырғада сенатор болып қызмет еткенім үшін өзімді бақытты санаймын. (...) Екі рет комиссия төрағасы болдым, төрт жыл төраға орынбасары қызметін атқардым. Барлығыңызға алғыс білдіремін. Болашақта дәл осы қарқында жұмыс істей беретінімізді айтқым келеді", - деді Қайрат Ищанов әріптестері алдында.

Кеңейтілген отырыс барысында Қайрат Ищановтың ҚР Парламент Сенатының қаржы және бюджет комитеті құрамында жұмыс істей беретіні туралы шешім қабылданды.

Жоғарғы палата спикерінің орынбасары қызметіне Сергей Громовтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл ұсынысты жоғарғы палата өкілдері толықтай қолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети