Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі. "Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11 маусымда Астанада болады және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Тоқаев сапарының бағдарламасында ірі қорлардың басшылары - Азиялық қоғамның президенті Дж.Ширанмен, "Еуразия" тобының президенті Ян Бреммермен, Өркениеттер альянсінің жоғары өкілі Насир Ан-Насермен, "Бейбітшілік жолындағы дін" конференциясының бас хатшысы Уильям Вендлимен және Нью-Йорк діни қауымдастығының өкілдерімен кездесулер бар.