21 наурыз 2016 00:20

ҚР Парламентіне үш партия өтті - exit poll

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Exit poll мәліметінше, үш саяси партия 7 пайыздан жоғары пайыз дауыс жинап, ҚР Парламентіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Exit poll мәліметінше, үш саяси партия 7 пайыздан жоғары пайыз дауыс жинап, ҚР Парламентіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Демократия" институты ғылыми-зерттеу ассоциациясының жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинскаяның айтуынша, барлық өңірде жалпыұлттық exit poll өткізілген. Барлық 14 облыс, сонымен қатар Астана мен Алматыда өткен. 750 сайлау учаскесінде exit poll өткізілген, 75 мың сайлаушыдан сауалнама алынған. Оның қорытындысы былай:

"Нұр Отан" - 82 пайыз;

"Ақ жол" демократиялық партиясы - 7,22 пайыз; 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 1,21 пайыз;

Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) - 7,17 пайыз;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2,5 пайыз;

"Бірлік" партиясы - 0,35 пайыз;

Сайлау 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети