Қазақстан полицейлері жаңажылдық мереке күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.
Қазақстан полицейлері жаңажылдық мереке күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.
Басты назарда адамдардың көп шоғырланған жерлеріне аударылады. "Жаңажылдық мерекені өткізу барысында ішкі істер органдары республика көлемінде күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады", - деді Сәдубаев.
Өз кезегінде, Алматы қалалық ІІД-нің баспсөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек 25 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін күшейтілген тәртіпте жұмыстар жүргізілетінін айтты. Оның айтуынша, жаяу патруль көбейтілетін болады. "Қала тұрғындары алаңдамай мерекені тойлауы үшін, полиция қызмет ететін болады", - деді ол.