20 қыркүйек 2016 12:22

ҚР премьер-министрі баға келісу фактілерін анықтап, бұлтартпауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қазақстан Республикасының премьер-министрінің сайты © Қазақстан Республикасының премьер-министрінің сайты

Премьер-министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Үкімет отырысы барысында нарықтағы баға келісуді анықтау бойынша жұмысты күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Премьер-министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Үкімет отырысы барысында нарықтағы баға келісуді анықтау бойынша жұмысты күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Бірінші кезектегі қажетті өнімдердің және дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі айрықша бақылауда болуы тиіс және бағалардың ауытқуы болған жағдайда дер кезінде әрекет ету керектігін баса айтқым келеді", - деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі.

Осыған дейін, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысы кезінде СҚО әкімін рейтинг қумай, жүйелі жұмыс істеп, бағаның өсуіне жол бермеуге шақырды. 

"Сіздерде қанттың, қарақұмық жармасының, тұз, ет және ет өнімдерінің, пияздың бағасының өсуі байқалуда. Аграрлық өңірде ең қымбат нанның болуын қалай түсіндіресіз?!", - деп сұрады Сағынтаев.
Премьер-министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті.

"Ерік Хамзаұлы, мен сіздің дауласпауыңызды, саудаласпауыңызды қалаймын, бізге жүйелі жұмыстар жүргізу керек. Екіншіден, меніңше, сіздің мынадай азық-түлік өнімдеріміздің бағасы республикалық деңгейден төмен деп айтқаныңыз жөн емес. Өз аймағыңыз, сондағы өмір сүру деңгейі мен бағалар үшін жауап беріңіз, оларды республикалық деңгеймен салыстырмаңыз", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет отырысы барысында дағдарысқа қарсы жоспардың аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын көтеруге жол бермеуді тапсырғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар дегеніміз - бірінші қажеттіліктегі 33 тауар түрі (макарон өнімдері, жармалар, ет-сүт өнімдері, жұмыртқа мен тұз). 

Ресми статистиканың мәліметтеріне сүйенсек, жылдың басынан бері азық-түлік өнімдері бағасының индексі 5,4 пайызды құраған. Ал 2016 жылдың 30 тамызында азық-түлік өнімдері бағасының индексі 9 пайызға жеткен. Қант бағасы - 30 пайызға, жармалардың бағасы - 23 пайызға, бірінші сортты ұннан жасалған нан бағасы 18 пайызға дейін көтерілген. 

"Ұлттық экономика министрлігі нарықтар теңгеріміне талдау жүргізді. Нәтижесінде ішкі нарықтағы әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының өсуіне әсер ететін бірқатар себептер анықталды. Біріншісі әлемдік нарықтардағы баға жағдаятының өзгеруі және ұлттық валютаның әлсіреуі импорттық жеткізулерге тәуелді тауарларға әсер етті, олар бойынша отандық тауарларды тұтынудың қамтамасыз етілуі 60 пайыздан төмен", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Осыған байланысты министр әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының жоғарылауына ненің әсер еткенін айтып айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети