28 маусым 2016 | 12:55

ҚР премьер-министрі: Жұмыс орындарында еңбекақы төлеу өткір мәселеге айналып кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы кезінде барлық облыс әкімдеріне жалақылардың төленуі бойынша баяндамалар дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы кезінде барлық облыс әкімдеріне жалақылардың төленуі бойынша баяндамалар дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұмыс орындарында еңбекақы төлеу мәселесі ағымдағы мәселеден өзекті мәселеге айналып кетуі мүмкін. Үкіметтің келесі отырысында жалақылардың төленуі мәселесі бойынша аймақтар әкімдерінің баяндамаларын тыңдасам деймін. Осы аптада кәсіпорындармен белсене жұмыс жасап, қай жерде не, қалай болып жатқанын, қандай шаралар қабылдау керектігін анықтау керек", - деді ол.

Премьер-министр жуырда жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барғанында ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың басшылығы барлық жұмыс орындарын сақтап қалуға уәде еткенін еске салды.

  • "Бұдан басқа, көптеген орташа шағын кәсіпорындар бар, қазіргі экономикалық жағдай бұл мәселе біздің бақылауымызда болуы тиіс екенін көрсетеді. Келесі аптада бұл біздің қарастыратын екінші мәселеміз болмақ", - деп түйіндеді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова премьер-министрді жалақы төлеу бойынша қазіргі жағдай туралы ақпараттандырды.

  • "Аймақтық дағдарысқа қарсы штабтар мәліметтері бойынша бүгінгі таңда жалақы бойынша жалпы қарыз көлемі  1,6 миллиарда теңгені құрайды. Оның ішінде ағымдағы қарыз, бұл  3 айға дейінгі қарыз көлемі - 514 миллион теңге,  3 айдан асқан мерзімі өткен қарыз борышы -  134 миллион теңгеге жуық және ең көбі банкрот болған кәсіпорындардағы қарыз көлемі  - 955 миллион теңге", - деді министр.
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети