ҚР Президенті Әкімшілігінің экс-басшысы ұлының мүлкі үшін сотқа жүгінді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Аслан Мусин. Фото ©Даниал Окасов Аслан Мусин. Фото ©Даниал Окасов

Ақтөбе және Атырау облысының экс-әкімі, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен соттасып жатыр. Себебі ол қайтыс болған ұлының бизнесіндегі үлесі компанияға берілгенін білген. Бұл туралы "Диапазон" басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе және Атырау облысының экс-әкімі, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен соттасып жатыр. Себебі ол қайтыс болған ұлының бизнесіндегі үлесі компанияға берілгенін білген. Бұл туралы "Диапазон" басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, Мусин "Ақтөбе" ӘКК және туысына қатысты сотқа шағымданған. Азаматтық істі Ақтөбедегі сот қарастырып жатыр.

Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин 2017 жылы Ригада 38 жасында қайтыс болды. Латвия полициясының мәліметінше, ол 23 желтоқсанға қараған түні 15-қабаттан құлаған. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс ашылды, бірақ кейін "қылмыс құрамының болмауына байланысты" іс жабылды.

Асылбек Мусиннің Ақтөбедегі Қарғалы ауылында ауданы 567 шаршы метр болатын жазғы асханасы, гаражы, бильярд залы бар екіқабатты үйі қалды.

2020 жылғы тамызда экс-әкім ұлының қағаздарының арасынан құрылтайшы құжаттарын табады. Ол жерде Асылбек Мусин "Алико", "А-Полиграфия", "МК-Бизнес", "Портал-Б", "Мередиан-С" ЖШС-ның құрылтайшысы және олардың әрқайсында жарғы капиталы барын анықтайды.

Басылымның мәліметінше, құжаттарға қарағанда 2013 жылғы 11 қарашада Асылбек Мусин туысы Әнуарбек Мусинге сенімхат берген. Ал ол сол күні "А-Полиграфия", "Меридиан-С", "Актобе" ӘКК" компанияларында жарғы капиталын үлестірген. Сенімхат алған ол басқа компаниялардағы үлесін берген.

Аслан Мусин ұлының компаниялардағы үлесін "Ақтөбе" ӘКК" АҚ-ға заңсыз берілген деп есептейді. Сенімхат бизнестегі үлесін беруге құқық бермейді. Оның үстіне Асылбек Мусин ол кезде елде болған жоқ және сенімхат бере алмайтын еді. 

"Әкесі сенімхат пен келісімдерді жарамсыз деп тануды талап етіп жатыр", - деп жазды басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer