Соғыс "жеңімпаздардың салтанаты емес", Елбасы әлемдік қауымдастыққа ғылыми нақтыланған түрде адамзатқа аталмыш қауіптен құтылу жолдарын ұсынды, деді Парламент Сенатының депутаты және саяси ғылымдардың докторы Ахан Бижанов Саясаттанушылардың халықаралық конгрессінде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Соғыс «жеңімпаздардың салтнаты болудан алыстағандықтан" Елбасы әлемдік қауымдастыққа ғылыми нақтыланған түрде адамзатқа аталмыш қауіптен құтылу жолдарын ұсынды. Құжаттың басты тезисі: соғыс жеңімпаздардың салтанаты емес.Бүгін соғыс - дау мен келіспеушілікті шешудің жол емес. Бұл тығырыққа әкелетін жағдай, онда жеңімпаз да жеңілгендер де жоқ. Өткен ғасырдың ортасында Альберт Энштейн айтқандай, әлемдік деңгейдегі кезекті қарулы қақтығыс барлық адамзатты жойып жібере алады", - деді А. Бижанов.
Манифестің басты өзегі барлық елдерге жауапкершілікті сезіне отырып даулы мәселені бейбіт және келісушілік арқылы жүзеге асыру болып табылады.
"Президент барлық мемлекет өкілдерінің қатысуымен диалог құруға шақырады. Диалог саясатының негізінде үздік гуманистік идеяларды жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың тағыдыры жатыр", - деді депутат.
Айта кетейік, Астанада "Н.Назарбаевтың "Әлем. XXI ғасыр" манифесті" саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті. Оның жұмысына Ресей мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары, отандық саясаттанушылар, ғылыми-сараптамалық орталықтардың мамандары, профессорлар мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.