Президент болуға ниет білдіргендердің тізімі тағы үш адаммен толығып, тоғызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент болуға ниет білдіргендердің тізімі тағы үш адаммен толығып, тоғызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өзін-өзі ұсынушылардың қатарына Алматының 1958 жылы туған тұрғыны, қоғам қайраткері Есенбек Өктешбаев, Алматының 1946 жылы туған тұрғыны, зейнеткер Якобжан Жүнісбеков, Астананың 1969 жылы туған тұрғыны, "Астана Мұнай Груп 2007" ЖШС май құю бекетінің бастығы Қанат Жұман қосылды.
Сонымен қатар, бұл тізімге ҚКХП партиясы атынан үміткер Тұрғын Сыздықов та енді. Ол 1947 жылы туған, мемлекеттік банк мекемелері жұмысшылары кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы.
Орталық сайлау комиссиясы аты-жөндері кеше, 4 наурыз күні жария етілген ниет білдірушілер туралы толық мәліметті де таратты. Олар: Астананың 1959 жылы туған тұрғыны, жеке кәсіпкер Асқар Сырғабаев, Астананың 1969 жылы туған тұрғыны, "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қорының президенті Лимана Қойшиева, Астананың 1977 жылы туған тұрғыны, инженер-құрылысшы Бақыт Әбдікәрімов және Астананың 1984 жылы туған тұрғыны, жүргізуші Сухраб Мырзашов. Соңғы екеуі бір кәсіпорында жұмыс істейтін болып шықты және екеуі де 40-қа толмаған. Ал Конституция бойынша президенттікке үміткерлердің жасы 40-тан төмен болмауы керек.