ҚР Президенті бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ҚР Президенті бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының сайтында Президенттің "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс- шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны айтылады. Заң спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл заңға сәйкес, "қазақстандықтарға іс-шараға алкоголь өнімін, металл немесе шыны құтысында өнім әкелуге тыйым салынады. Сахналарға, ареналарға, спорт алаңдарына, сонымен қатар көрермендер тұрған орынға өмірге немесе адамдардың денсаулығына қатер төндіретін затты лақтыруға салынған тыйымға түзетулер енгізілді".
Мұнымен қатар, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарды іс-шараға қатысады делінген адамдардың саны, автотұрақ орындары және сатылған билеттердің саны бойынша өз уақытында ақпараттандыруға міндеттелді.
Сондай-ақ, осы заңға сәйкес, іс-шараның өтуі кезінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздық қоздыратын, жеке тұлғалардың құқығын таптайтын плакат, эмблема, транспарант және өзге де визуал құралдарды қолдануға тыйым салынады. Жеке тұлғалар осы тыйымдарды бұзса 20 АЕК көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнымен бірге, жеке тұлғаларға шара кезінде өз бетімен қоршаудан өтуге немесе турникеттерден өтуге тыйым салынады.