15 желтоқсан 2016 | 12:31

ҚР Президенті жаһандық дағдарыстың әлі де бар екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті жаһандық дағдарыстың әлі де бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын арналған салтанатты шарада мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті жаһандық дағдарыстың әлі де бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын арналған салтанатты шарада мәлімдеді.

"Жеті жыл бұрын басталған жаһандық дағдарыс ешқайда кетіп қалған жоқ, сөйтіп, гипердағдарысқа айналды, ол күн санап пәрмен алып келеді. Ашығын айтайын, соңғы үш жылда қабылдаған жаңа заңдар мен бағдарламаларсыз, еліміздегі жағдай бұдан да қиын болар еді. (...) Сондықтан алдағы жылдары қоғамның талпынысын біз көрсеткен барлық стратегиялық міндеттер мен жоспарларды орындауға шоғырландыруға ниеттімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.

Президент үстіміздегі жүзжылдықта жетекші державалар арасындағы текетірес, азаматтық соғыстар, ұлтаралық қақтығыстардың болатыны жайлы қатерлі белгілердің бақыланып отырғанын атап өтті. Назарбаевтың айтуынша, басты мемлекеттердің арасында бейбітшілікті қамтамасыз ететін келісім болмаса, бүгінде көріп отырған терроризм, барлығымызға қарсы жариясыз соғыс, аштық қаупі, қатерлік дерт пайда болады.   

"Құрметті қазақстандықтар! Қазіргі уақытта осы залда 24 жыл бұрын айтқан сөзімді қайталағым келеді. Осындағы ешқайсымыздың орнына біреу келіп, Қазақстанның келбетін өзгерте алмайды, әлемдік қауымдастықта орын алып бермейді, өміріміздің стандарттарын көтеріп бермейді. Өзіміз ғана. Бұл сөздер өзекті болып қалып отыр, сондықтан қайталаймын", - деп үндеу жасады Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети