15 маусым 2015 13:37

ҚР Президенті Назарбаев Университеті түлектерінің болашақ жұмыс орнын анықтап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Назарбаев Университеті түлектерінің болашақ жұмыс орнын анықтап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жоғары оқу орнының бірінші түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасы өтті.


ҚР Президенті Назарбаев Университеті түлектерінің болашақ жұмыс орнын анықтап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жоғары оқу орнының бірінші түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасы өтті.

"Жолдың арғы бетінде EXPO территориясының өсіп келе жатқанын көріп отырсыздар. Халықаралық көрме аяқталғаннан кейін мен сол жақта Бүкіләлемдік қаржы орталығын салу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл ең атақты қаржы орталығы болады. Онда іс қағаздарын жүргізу ағылшын тілінде болады. Сот ісі де ағылшын тілінде болады. Ол отандық экономиканың локомотивіне айналады. Жұмысты осы университеттің түлектері жүргізуі мүмкін. Сіздер білімді бүкіләлемдік орталығында алдыңыздар, ал енді Бүкіләлемдік қаржы орталығында жұмыс істейсіздер. Сіздер лайықты білім алуларыңыз үшін біз барлық жағдайды жасадық. Тәуелсіздіктің бірінші жылдарындағы ауыр кезеңге қарамастан, лайықты болашақтарыңыз болуы үшін барымызды салдық", - деді Назарбаев түлектерге.

"Қазақстандық компанияларға мамандарды қазақстандық салаларды дамытуларыңыз үшін сіздердің араларыңызда таңдауын сұрағым келеді. Отаннан алғандарыңызды он есе етіп қайтаруларыңыз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Университеттің барлық түлегі кәсіби маман болады деп сенемін. (...) Сіздердің өз істеріңіздің маманы болуларыңызға ғана емес, сонымен қатар, біздің қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды қуатты ете түсетіндеріңізге, отанға қызмет етудің биік үлгілерін көрсететіндеріңізге, халқымыздың материалдық-рухани, мәдени құндылықтарының көбеюіне зор үлес қосатындарыңызға ерекше үміт артамын. Осы бір үлкен миссияларыңызға әрқашан лайық болыңыздар", - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. 

Мемлекет басшысы салтанатты сөз сөйлеуінен кейін түлектерге қызыл диплом табыстап, оларға өсиет айтты. "Ақ жол, түлектер", - деді Қазақстан Президенті, одан кейін Назарбаев Университетінің тұңғыш түлектері академиялық бас киімдерін көкке лақтырды.

Айта кетейік, диплом табыстау рәсімі жоғары оқу орнының жаңа ғимаратында өтті. Назарбаев университетінің бес қабатты ғимаратында білім беру процесінің сәтті жұмыс істеуіне қажетті түрлі өндіріс және көмекші орындар бар. 446 студент тұңғыш түлек атанды. Оқығандардың басым бөлігі Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің, Ғылым және технология мектебінің , Инженерия мектебінің, Білім беру жоғары мектебінің, Мемлекеттік саясат жоғары мектебі және Бизнестің жоғары мектебінің студенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети