ҚР Президенті Протоколының экс-басшысы Румиль Тауфиков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дереккөзге сілтеме жасап.
ҚР Президенті Протоколының экс-басшысы Румиль Тауфиков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дереккөзге сілтеме жасап.
Айта кетейік, Тауфиков 2006-2009 жылдары Президент Протоколының сол уақыттағы бастығы Бауыржан Байбектің орынбасары болған еді.
Тауфиков бұрын Юрий Ильин айналысқан мәселелерге жауапты болады деген болжам бар. Оған әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдай кезінде ескерту жасау және оның алдын алу, қаладағы азаматтық қорғаныс, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысты ескерту кіреді.
Еске сала кетейік, бүгін, 20 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметінен босатылған болатын.