ҚР президенттігіне үміткер болуға бір әйел адам ниет білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР президенттігіне үміткер болуға бір әйел адам ниет білдірді ОСК ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Президент сайлауы додасына түсуге үшеуден аз емес адам ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Президент сайлауы додасына түсуге үшеуден аз емес адам ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевқа сілтеме жасап. 

"Қазірдің өзінде ниет білдірушілер бар, бірнеше адам - 3-4 адам бар. Олар әзірше - өзін-өзі ұсынушылар", - деді Сәрсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының үзілісінде. 

"Олардың арасында бір әйел адам бар, қалғаны - ерлер", - деді ОСК мүшесі, ол бұл адамдардың әзірше кандидаттыққа ұсынылушылар ғана екенін нақтылап айтты. 

Айта кету керек, президенттікке кандидат болуға ниеттілер өзі мен жұбайы үшін салық декларациясын тапсыруы тиіс. Кейін олар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тексерілетін лингвистикалық комиссиядан өтеді. Бұдан соң қол жинау парағын алады. Мұндай парақтарға еліміздің кемінде тоғыз облысында және Астана, Алматы қалаларында қол қойылған болуы қажет. Қол қойғандардың саны сайлаушылардың 1 пайызы деңгейінде, яғни 93 мың 12 адам болуы міндетті. Жиналған қолдардың растығы тексерілгеннен кейін ОСК кандидатты тіркеуді қолға алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети