Қазақстанның шекара қызметі Алматы әуежайындағы шекарашылар ақпаратсыз болғандықтан, елге кіргізбеді деген жаңазеландиялық турист қызға қатысты дау бойынша пікір білдірді. Бұл айыптаулардың барлығын ведомство өкілдері бос сөз деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа Зеландиядан келген қыздың Қазақстанға кіре алмағаны туралы жаңалық Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жарияланған еді. Саяхатшы Хлои Филлипс-Харрис шекарашылардың Жаңа Зеландияның жеке мемлекет екенін білмейді, сондықтан одан Австралия азаматтығын дәлелдейтін төлқұжат талап етті деген болатын. "Мен қондым, сосын көші-қон қызметінің өкілі менен Австралия төлқұжатын талап етті және онсыз мені өткізбейтінін мәлімдеді. Маған айтқаны, Жаңа Зеландия - Австралия бөлігі", - деген болатын ол шетелдік БАҚ-қа.
Алайда, ҚР Шекара қызметінің өкілдері оқиғаның басқаша болғанын айтады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызда виза болмаған. Сондықтан, шетелдік азаматты келген бағытпен қайтару заңды болған. Хлои Филлипс-Харрис Қазақстанға 2016 жылдың 24 мамырында CZ-6011 Үрімші-Алматы рейсімен келген.
Сонымен қатар, әуе компаниясы қажетті құжатсыз тұлғаның шығыны үшін жауапты екенін айтады ведомство өкілдері.
"2016 жылдың 25 мамырында Алматы әуежайының консулдық пунктінің кезекші консулы Жаңа Зеландия азаматына Қазақстан Республикасының визасын берді және осы жылдың 6 шілдесінде бұл азамат ҚР аумағынан шығып кетті", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.