ҚР шенеуніктері әлеуметтік желілерге кіруде шыққан уақытша ақауларға қатысты пікір білдірді. Қазақстандық қолданушылар өткен түні әлеуметтік желілерге кіре алмағандарын айтқан еді. Шенеуніктер ешқандай да шектеу қойылмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің байланыс саласындағы басқармасының бастығы Руслан Әбдіхалықов техникалық ақаулардың шығуы мүмкін екенін айтты.
Кейбір қолданушылар Twitter, Instagram, Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерне кіре алмай отырғанын айтқан болатын - түнгі сағат үштен таңғы беске дейін желілерге кіру мүмкін болмаған.
"Бүгін таңғы уақытта бірқатар БАҚ-та кейбір әлеуметтік желілер жабық болды делінген мәселені көтеріп жатқанын көрдік. Өз тарапымыздан әлеуметтік желілерге ешқандай да шектеу қойылмағанын мәлімлдейміз, бізге ешбір органнан шектеу қою туралы шешім келіп түскен жоқ. Сәйкесінше, бұл техникалық ақау болуы мүмкін. Егер адамдар біздің көмегімізді сұраса, біз ақаудың неліктен шыққанын анықтай аламыз. Әзірше шағым түскен жоқ", - деп мәлімдеді Әбдіхалықов.
Сонымен қатар, ол соттың шешімінсіз әлеуметтік желілерді құлыптаудың мүмкін емес екенін айтты. Әбдіхалықов әлеуметтік желілердегі проблемалардың кейбір өңірлерде 21 мамырда бейбіт шерулер өткізуге өтініштердің түскенімен байланыстырмайтынын да айтты.