ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ТЖ комитетінің жаңа төрағасын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ТЖ комитетінің жаңа төрағасын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
"2015 жылғы 14 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау қызметінің полковнигі Владимир Робертович Беккерді осы Комитеттің төрағасы етіп тағайындау туралы 2016 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығын ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ұжымына жария етті", - делінген хабарламада.
Азаматтық қорғау полковнигі Владимир Робертович Беккер 1965 жылғы 18 қарашада Семей облысы Үржар ауданының Благодатное ауылында туған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша үздік тәмамдады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы өңірлік университетін "Заң" мамандығы бойынша бітірді. Азаматтық қорғау саласында 1986 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. 1991 жылға дейін әртүрлі орта және аға басқарушы құрам лауазымында қызмет атқарды. 1991 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жылдың қыркүйек айына дейін басқарушы лауазымда қызмет атқарды. 2008 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың казан айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Ол ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен, "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін", "Төтенше жағдайлар органдарының ардагері", "Өрт сөндіру қызметінің үздігі" төсбелгілерімен, "Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері" орденімен марапатталған.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес генерал-майор В.В. Петров келісімшарттың аяқталуына және басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.