25 қыркүйек 2014 16:28

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рашид Жақыпов. ©yk-news.kz Рашид Жақыпов. ©yk-news.kz

ҚР Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚР Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Рашид Тауфиқұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Рашид Жақыпов Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығы қызметін атқарды. Әр жылдары ол Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Мемлекеттік тергеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 

Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев министрліктер мен басқа да ведомстволарды қайта жасақтаған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері Ішкі істер министрлігіне берілді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети