ҚР Сыртқы істер министрлігі "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысы бар деген күдік келген 19 жастағы қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысы бар деген күдік келген 19 жастағы қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарында "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы Ахрор Сейдахметовтың ұсталғаны туралы хабардар. Министрлікке келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтық тұлғалар базасында шын мәнінде 1995 жылы 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты өзбек Сейдахметов Ахрор Абрарұлы деген азамат тіркелген. 2011 жылдың қазан айында 16 жасында ол Өзбекстанға кетіп, содан бері Қазақстанға қайтып оралмаған", - деп хабарлады ҚР СІМ өкілдері.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол ҚР Нью-Йорктегі Бас консулдығында консулдық есепте тұрмаған. "Қазіргі таңда Сейдахметовтың өзі де, оның туыстары да қандайда бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген. Мұндай өтініш болған жағдайда, оған тиісті консулдық-құқықтық қолдау көрсетілетін болады. Жалпы, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде Құрама Штаттардың экстремизм мен "Ислам мемлекеті" атты ұйыммен күресіне бағытталған күш-жігерін қолдайды. Біз аталған істі тергеуде АҚШ билігіне жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы.
Бұған дейін Қазақстанның 19 жастағы азаматының АҚШ-та "Ислам мемлекеті" террорлық тобын қолдау мақсатында сөз байланысты және аталған ұйымға Сирияда қосылуға және лаңкестік әзірлеуге ниеттенді деген айыппен тұтқындалғаны хабарланған еді. Ахрор Сейдахметов Нью-Йоркте Кеннеди атындағы әуежайда Стамбұл бағытындағы рейске отырарда ұсталған. Сейдахметовтің сыбайластары - Өзбекстан азаматтары - 24 жастағы Абдурасул Джурабоев пен 30 жастағы Аброр Хабибов та тұтқындалды.
Джурабоев 2014 жылдың тамызында өзбек тілінде "Ислам мемлекетін" қолдайтын жазба жариялағаннан кейін құқық қорғау органдарының көзіне түсті. Тергеушілер Джурабоев пен Сейдахметовтің Түркия арқылы Сирияға барып, "Ислам мемлекетіне" қосылмақ болғанын анықтады. Федералдық тергеу бюросының мәліметінше, Джурабоев лаңкестік ұйымның бұйрығы бойынша АҚШ-та террорлық әрекет жасауға әзір болған. Ол АҚШ президентін өлтіруді ұсынған, ал Сейдахметов автомат сатып алып, полицейлер мен ФТБ агенттерін атуды ойластырған. Айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.