ҚР Сыртқы істер министрлігі Бельгия астанасы Брюссельдегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болды. Ел билігі бұл әрекетті теракт деп таныды. Осыдан кейін тағы қаладағы метро станцияларының бірінде тағы бір жарылыс болды. Кейін елде теракт қатерінің ең жоғарғы, төртінші деңгейі енгізілді. Соңғы мәліметтер бойынша, әуежайдағы терактіден 11 адам қаза болып, 30-дан аса адам зардап шекті. Ал метродағы жарылыстан 10 адам қаза тапқан. Ондаған адамның жарақат алғаны да белгілі болып отыр.
БАҚ мәліметінше, әуежайдағы жарылысты лаңкес жасаған.