07 сәуір 2015 | 15:25

ҚР СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР СІМ-де қазақстан-герман ынтымақтастығының мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 7 сәуірде ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ГФР Бундестагының Вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесу өткізді.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ-де қазақстан-герман ынтымақтастығының мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 7 сәуірде ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ГФР Бундестагының Вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесу өткізді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында елдердің екіжақты ынтымақтастығының және ЕО шеңберіндегі ықпалдастығының басым мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібінің ең өзекті мәселелері, атап айтқанда, Украинадағы жағдайды реттеу, Иран ядролық бағдарламасы, Ауғанстан тұрақты дамуы мәселелері туралы пікір алмасу болды.

"Ыдырысов сұхбаттасын ГФР-дың 2016 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануымен құттықтап, ұйым алдына қойылған мәселелер шешіміне Қазақстанның барынша қолдау көрсеуге дайындығын растады. Сұхбат барысында Қазақстан мен Германия қатынастары өзара тиімді ынтымақтастық және сындарлы диалог сипатында өз дамуын жалғастыруда деп атап өтілді. Германия Қазақстанның ЕО елдерінің жетекші саяси және сауда серіктестерінің тобына кіреді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл Қазақстан-герман сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының, Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскер кеңесінің және Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырыстары жоспарланған.

Министрліктің мәліметінше, Ыдырысов Қазақстанда бұрын тұрған және қазір тұрып жатқан этникалық немістер екі ел арасын байланыстырып тұратын буын рөлін атқарады деп атап өтті. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессия аралық бейбітшілік пен келісімді сақтау саясаты шеңберінде неміс қауымдастығының, оның бай мәдениетінің, тілі мен дәстүрлерінің даму мәселесіне зор көңіл бөлінеді. Қазақстанда облыстық неміс этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді, республикалық Deutsche Allgemeine Zeitung газеті басып шығарылады, "Видергебурт" Қазақстан немістерінің ассоциациясы белсенді жұмыс істейді.

"Сұхбаттастар Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы туралы сөз қозғаған кезде, биыл қол қойылуы жоспарланған Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімшарттың әлеуетін жүзеге асыру, ғылым мен технология салаларындағы ықпалдастық және визалық тәртіпті жеңілдету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Еуроодақ Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесі екені атап өтілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы 10 жылда Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есеге, ал қазақстандық экономикаға тартылған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есеге өсті. 2014 жылдың қорытындылары бойынша, ЕО-мен сыртқы сауда көрсеткіші 53 миллиард доллардан асты, бұл ҚР сыртқы сауда айналымының 53,2 пайызына тең.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети