13 маусым 2018 | 16:19

ҚР СІМ экс-жауапты хатшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анарбек Қарашев. © mfa gov.kz Анарбек Қарашев. © mfa gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев шамамен 10 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев шамамен 10 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің аса ірі көлемде алған парасын әшкереледі. Мемлекеттік жауапты қызметте бола отырып, ол министрліктің ведомство ұйымдарының жетекшілері Сәкенованың, Нұрекеновтың және Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Осы үшін Қарашев жүйелі түрде 10 миллион теңгеден аса заңсыз сыйақы алып отырған", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. 

Ұлттық бюро мәліметінше, Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова қылмыстық жоспар құрып, кәсіпкерлерден министрлік үшін қызмет көрсетіп, бұл қызметтерді кедергісіз қабылдап алғаны үшін 20 миллион теңгеден аса пара алған. 

"Алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Соттың санкциясы бойынша, Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Жахин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети