18 ақпан 2018 | 12:39

ҚР СІМ Қырғызстанға қарымта нота жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ ғимараты © barometr.kg ҚР СІМ ғимараты © barometr.kg

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі республика территориясында ұсталған Қырғызстан азаматтарына, оның ішінде Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбекке қатысты ақпаратқа пікір білдірді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі республика территориясында ұсталған Қырғызстан азаматтарына, оның ішінде Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбекке қатысты ақпаратқа пікір білдірді.

"Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті 2018 жылы 16 ақпанда Астанадағы Қырғызстан Республикасының елшілігіне Қазақстанда Қырғызстан Республикасы азаматтарының ұсталғанын ресми түрде хабарлады. Ол 1963 жылғы Консульдық қатынастар туралы Вена конвенциясына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 135-бабына және Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағидасына сәйкес іске асырылды", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

"2018 жылы 17 ақпанда Қырғызстан СІМ мекенжайына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасы жолданды, онда Қырғызстан Республикасының азаматы Асылбекұлы Дамирбектің ұсталғаны туралы мәлімет бар", - деді ол.

"Қазақстан СІМ қызметкерлері қырғыз елшілігімен үнемі байланыста және оларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау оргадарымен байланысып отыруына қолғабыс етіп отыр", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді, 29 адам ұсталған, олардың екеуі Қырғызстанның азаматы. Кейін олардың біреуі көрші мемлекеттің депутаты екені анықталды.


Жоғарғы кеңестің депутаты Асылбекұлы Дамирбек. © Kabarlar.org

Еске сала кетейік, 16 ақпанда Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті. Консулға бұл мағлұматты растау немесе жоққа шығару жөніндегі, сонымен қатар, расталған жағдайда ұсталғандар туралы мәлімет беру, болған жағдайға қатысты тиісті түсіндіру мен толық ақпаратты беру жөніндегі Қырғызстан Республикасы СІМ-нің нотасы тапсырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети