27 наурыз 2015 | 15:50

ҚР СІМ Қытайда қазақстандықтардың қатысуымен болған жол апаты жайлы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР СІМ баспасөз қызметі ©ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайда қазақстандықтардың қатысуымен болған жол апаты жайлы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайда қазақстандықтардың қатысуымен болған жол апаты жайлы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, 13 наурызда Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Зимунай ауылының маңында Қазақстан азаматтары бар автобус жол-көлік оқиғасына түсті. Жол апатының салдарынан екі қазақстандық қаза тауып, 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. 

"14 наурыз күні оқиға орнына ҚР Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы паспорттық-визалық қызметінің, сонымен қатар, 15 наурыз күні Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінің консулдық бөлім қызметкерлері келіп жеткен. Олар қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсету мақсатында жергілікті мемлекеттік органдармен тиісті келіссөздер жүргізді. Қаза тапқан екі азаматымыздың туған-туыстарына мәйіттерді Қазақстанға жеткізуге қажетті ұйымдастыру шараларында көмек көрсетіліп, олар 16 наурыз күні елімізге жеткізілді. Ауыр жарақат алған азаматтарымызға хирургиялық ота жасау үшін қытайлық тарап арнайы Алтай және Үрімші қалаларынан мамандарды шақыртты", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның 11 азаматы Зимунай ауылының ауруханасында жатыр. "Алған жарақаттардың деңгейіне байланысты (қабырға, омыртқа сынуы және т.б.) оларға төсекте жату режимі белгіленген", - деді ол. Сонымен қатар, ол министрліктің зардап шеккен азаматтардың туыстарына жедел виза рәсімдеуде қолғабыс көрсетіп жатқанын атап өтті. 

Қытай аумағында болу мен емделуге байланысты шығындарды "Синдэ" тасымалдаушы компаниясы өз мойнына алып отыр. ҚР Қытайдағы елшілігі аталған жағдайды ерекше бақылауға алып, жергілікті билік органдарымен байланыс орнатқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл іс бойынша әділ шешім шығару үшін мәселені қадағалап отыратын болады.

Еске сала кетейік, қазақстандықтардың Қытайда жол апатына ұшырағаны 26 наурызда белгілі болды. Айта кетейік, осыған дейін Хайнань қаласында Қазақстанның 25 жастағы азаматы Артур Абсалямовтың жол-көлік оқиғасынан қаза тапқаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети