31 тамыз 2016 | 11:49

ҚР СІМ Қытайдың Қырғызстандағы елшілігіне жасалған шабуылға байланысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне жасалған шабуылға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне жасалған шабуылға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәлімдемеде ҚР СІМ-нің Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне жасалған шабуылды үзілді-кесілді айыптайтыны хабарланған. Сонымен қатар, бұл шабуыл террористік акт ретінде танылған.

Мұнымен бірге, ведомство аталған қылмысты егжей-тегжейлі тергеу мен кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша қырғыз тарапының шешімділігін қолдау білдіретінін хабарлады.

"Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігіне қайта назар аударудамыз. Терроризмнің кез-келген нысандары мен көріністеріне жол берілмеуі тиіс деп мәлімдеп, аталған қастыққа қарсыласудағы халықаралық жігердің біріктіруіне шақырамыз", - делінген ресми мәлімдемеде. 

Еске салайық, кеше таңғы уақытта Бішкекте жарылыс болған еді. Mitsubishi Delica маркалы көлік дипломатиялық ведомствоның қақпасын соғып, кіріп, жарылған. Салдарынан лаңкес қаза тапты, ал елшіліктің үш қызметкері жарақат алып, ауруханада жатыр. Жарақат алғандар Қырғызстанның азаматтары. Әзірше Қытай елшісінің жарылыс кезінде қайда болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. 


© "АКИпресс"

Ал 24.kg басылымының мәліметінше, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм дерегі бойынша қылмыстық іc қозғапты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети