20 қараша 2015 16:37

ҚР СІМ Мали қонақүйінде кепілдікке алынғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақүйінде қарулы адамдар кепілдікке алынғандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство Twitter желісінде жазды.

Қонақүйде атыс таңғы уақытта басталған болатын. БАҚ мәліметінше, қылмыскерлер 170 адамды қонақүй ішінде кепілдікте ұстап отыр. "Олар шамамен 140 қонақ пен 30 қызметкерді ұстап отыр. Осылайша, қонақүйге кіру жолы қоршауға алынған, шығуға немесе кіруге мүмкіндік жоқ", - деді қонақүйлер тобының баспасөз хатшысы.

Полиция шамамен 190 номері бар қонақүйді қоршауға алды. Қазіргі уақытта ғимарат ішінде атыс жалғасып жатыр. Расталмаған ақпараттар бойынша, бес адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети