ҚР СІМ өкілі Мәсімовтің азаматтығына қатысты сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ өкілі Мәсімовтің азаматтығына қатысты сұраққа жауап берді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовте Венгрия азаматтығы бар деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовте Венгрия азаматтығы бар деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін сізден Кәрім Мәсімовтің қос азаматтығы туралы сұраған едік. Ол кезде өзіңізде ондай ақпарат жоқ екенін айттыңыз. Бір апта өтті, Мәсімовтің Венгрия азаматтығы бар-жоғын білдіңіз бе және бұл қалай болуы мүмкін", - деп сұрады журналист.

"Венгрия тарапының бізге берген мәліметінше, Мәсімов мырзаның мұндай азаматтығы болмаған. Қосымша ақпарат түскен жоқ. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынған және басқа елдің азаматтығын алған адам автоматты түрде біздің азаматтықтан айырылады", - деп жауап берді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, 18 қарашада Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды. Бұл процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Іс бойынша мәліметтер жарияланбайды, сот тергеуі, сондай-ақ тергеу "құпия" санатына жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети