ҚР СІМ Оңтүстік Корея әуежайының қазақстандықтарды неліктен жертөледе ұстағанын түсіндіріп берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов әуежай қызметкерлерінің қазақстандықтарды неліктен Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласының әуежайында ұстағандарын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов әуежай қызметкерлерінің қазақстандықтарды неліктен Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласының әуежайында ұстағандарын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы бірнеше күн ішінде Инчхон әуежайыны көші-қон қызметі Алматы мен Ташкенттен келген Қазақстанның 15-тен аса азаматын елге кіргізуден бас тартты. Олардың үшеуі ғана біздің елшілікке хабарласып, көмек сұрады. Азаматтар әуежайдағылардың неліктен елге кіргізуден бас тартқанын түсіндіріп беруді сұрады. Ал қалғандары неліктен елге кіре алмағандарын білген сияқты", - деп жазды Жайнақов.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жедел түрде әуежайдың көші-қон қызметінің өкілдерімен хабарласқан. Олар болса елшілікке келген екі адамның елде заңсыз жүргенін айтқан. Ал екінші ер адамға бас тартуының себебі оның елге келуінің себебі көрсетілмеген. Сондай-ақ, Жайнақовтың айтуынша, басқа қазақстандық азаматтар елге тексерістен еш кедергісіз өтіп жатқан.

"Қазақстанның СІМ өкілдері оңтүстіккореялық әріптестерімен осы проблема жайлы кеңесіп жатыр. Таяуда Астанада өткен екіжақты кездесуде басты мәселелердің бірі Корея Республикасына туризм, іскерлік мәселелермен немесе ем алу үшін келген Қазақстан азаматтарын депортациялау мәселелері болды. Кореяның дипломаттары осы жағдайға түсіністікпен қарап, жақын арада Сеульде Кореяның көші-қон қызметімен осы мәселе бойынша ведомствоаралық кеңес өткізуге уәде берді", - деп айтып өтті ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы"

Еске сала кетейік, осыған дейін Оңтүстік Корея әуежайының қызметкерлері қазақстандықтарды жертөледе қамап ұстап отырғаны жайлы хабарланған болатын. "Барлығымыз қонақүйдің ақшасын төлеп қойғанбыз. Сақтандыру құжаттарымыз бар. Жеке басым Кореяны көруге келген едім. Бірақ қазір жертөледе жатырмыз", - деген еді Хандамир Құдіретов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro