20 желтоқсан 2016 | 00:56

ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісіне жасалған қастандық туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство Ресейдің Түркиядағы елшісіне жасалған қастандықты қатаң айыптайды. "Егемен елдің уәкілетті өкіліне қарсы жасалған бұл терроризм актісінің мақсаты Түркия мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасына үрей мен алауыздық туғызу болған. Ресейлік тарапқа, марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз және ақтап алуға келмес бұл қастық актісін Түркияның құқық қорғау органдары жан-жақты тергеп, ұйымдастырушылар қатаң жазаланады деп үміттенеміз", - деп хабарлады ҚР СІМ өкілдері. 

Сонымен қатар, Халықаралық қатынастар Еуразиялық кеңесінің директоры Жанболат Үсенов Facebook желісіндегі парақшасында қайғылы оқиғаның Түркия мен Ресейдің Сирияның тағдырын бірлесе шешу жайлы ұмтылыстардың қарсаңында болғанын атап өтті. "Дипломаттар арандатушыларға оңай нысан. Мемлекеттің ресми өкіліне шабуыл жасау - президенттің өзіне шабуыл жасаумен тең. Алайда елшілерді президент ретінде қорғамайды. Қорғай ма екен жалпы", - деп жазды Үсенов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Оның пікірінше, мемлекеттік емес акторларға "бұдан асқан нысан" табу мүмкін емес. Ол РФ елшісіне бүгін жасалған шабуылдан мемлекеттік акторлар қамдана бастайды, себебі зардап шеккен тарап әрекет етуге міндетті. "Бұған қарсы әрекет те тура осындай болуы мүмкін", - дейді ол.

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети