27 сәуір 2022 17:08

ҚР СІМ Тигран Кеосаянның даулы мәлімдемесіне жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлау және мәні біржақты сөзі назарға ілігеді. Мүмкін оның мәлімдемесі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі мұндай сөздер "тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық серіктестік қарсыластарына көмек болады" деп санайды.

"Ол Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне кіреді деп ойлаймын", - деді министрліктің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 24 сәуірде Кеосаян YouTube-арнасында видео жариялаған. Онда ол қазақстандықтар "Украинаға қарағаны жөн" екенін, ал ресейлік жауапты тұлғалар "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" деп мәлімдейді.

Тигран Кеосаян - RT телеарнасы, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети