01 сәуір 2017 | 17:53

ҚР СІМ Вильнюс әуежайында елге кіре алмаған қазақстандық отбасының жағдайына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Вильнюс әуежайында қазақстандық отбасының елге кіре алмауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ Вильнюс әуежайында қазақстандық отбасының елге кіре алмауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовтың мәліметінше, ведомство қазақстандық отбасыны Литваға кірер кезде оларға бас тартқаны жайлы мәліметті БАҚ-тардан ғана білген. Бірақ әйел 16 сағат бойы Вильнюс әуежайында болған кезде Қазақстанның Литвадағы елшілігіне хабарласпаған. Жайнақовтың айтуынша, Қазақстан консулы Вильнюс әуежайындағы шекара пунктінің басшысымен байланысқа шықты.

"Литваның шекара қызметі басшысының ауызша айтқан алдын ала мәліметтеріне қарағанда Адиля Юсупова 26 наурызда үш баласымен бірге Вильнюскен келген. Содан паспорт бақылау кезінде шекара қызметіндегілерде оның осы сапарының мақсатын қатысты сұрақтар туындады. Оның визасында "Литвадағы туризм" деп көрсетілгенімен тексеріс кезінде оның жүгінен оның Германияға кетуге дайындап қойған әуе билеттері табылған. Нәтижесінде азаматша Юсуповаға Литваға кіруге рұқсат берілмеді. Бұл шенген визасының шарттарына болмағандықтан және заңсыз көші-қон қаупі болғандықтан оған елге кіруге рұқсат етілмеген", - деді Жайнақов.

ҚР СІМ мәліметінше, Литваның көші-қон ведомствосындағылар бұл деректің Қазақстан азаматтарын кемсіту мақсатында болмағанын айтады. Сол күні олар 11 адамға елге кіруге рұқсат бермеген екен, олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан және Грузия азаматтары бар. 

Сондай-ақ, СІМ басшысы мұның барлығын алдын ала айтылған мәлімет екенін айтып өтті. "Осы жағдайға қатысты толығырық құжаттарды Литва шекара қызметінің қызметкерлері біздің дипломаттарға келесі аптада жолдауға уәде берді. Сонымен қатар, біз Юсуповаға ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Бұл оларға осы жағдайда мүдделері мен құқықтарын қорғау және осы жағдай бойынша барынща толық мәлімет алуға мүмкіндік береді", - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

"Сондай-ақ, біздің азаматтарға осындай жағдайларда бірден Қазақстан консулымен байланыстыруды талап ету қажет екенін айтады. Қарапайым тілмен айтқанда, ағылшын тілінде мына сөйлемді жаттап алу керек: "Please, get in touch with the consul of the Republic of Kazakhstan". Шетелге кетер алдында сол елдегі Қазақстан елшілігінің нөмірлерін жазып алып, сол елге кетіп бара жатқандарға арналған ескертпелерді оқып шығу өте маңызды", - деді Жайнақов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети