30 сәуір 2017 | 13:40

ҚР сыртқы істер министрі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті, - деп хабарлайды 24 Хабар.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті, - деп хабарлайды 24 Хабар.

Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың жай-күйін талқылап, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Долнальд Трамп телефон арқылы талқылаған сауда-экономика саласын жетілдіру мәселесін тілге тиек етті. Қайрат Әбдірахманов өзара алыс-берісті арттырып, Ақ үй әкімшілігімен тығыз байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімін көрегендікке балап, Қазақстанның халықаралық қауымдастықта абыройы арта түскенін және елде саяси әрі экономикалық тұрақтылық нығайып, ірі инвесторлар тартуға сеп болғанын атап өтті.

Сирия мен Ауғанстандағы ахуал Корей түбегіндегі түйткілдер де сөз болды. Қайрат Әбдірахманов еліміздің әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге ат салысуға әркез дайын екенін айтты.

Сонымен қатар министр Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен де кездесті. Гутерриш Астана процесінің Сириядағы шиеленісті реттеуге сүбелі үлес қосып отырғанын оң бағалады. Сондай-ақ өзінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті мен Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысатынын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети