Қазақстанның СІМ Мысырдағы лаңкестікке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның СІМ Мысырдағы лаңкестікке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан 2017 жылғы 24 қарашада Мысырдың Бир әл-Абд қаласында әл-Рауда мешітіндегі жұма намаз кезінде орын алған және еш кінәсіз бейбіт халық арасында көптеген адамның өмірін қиғантеррористік актіні қатаң айыптайды. Әлем тағы да терроризм әрекетіне куә болды, оның ұйымдастырушылары мен сүйемелдеушілері анықталып, қатаң жазалануы тиіс", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мысыр үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына көңіл білдіріліп, жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуі туралы тілек айтылған.
"Қазақстан терроризмнің кезкелген түрі мен сипатын айыптай отырып, осы жауыздық әрекетке қарсы күресу үшін БҰҰ аясында Ғаламдық контртеррористік коалиция құру арқылы әлем қауымдастығының ұжымдасып,батыл қимылдауын құптайды. Біз Халықаралық терроризм жөніндегі жалпыға ортақ конвенцияны жедел түрде қабылдауға шақырамыз", - делінген мәтінде.
Еске салайық, лаңкестер жұма намазы кезінде Әл-Ариш қаласының батысындағы мешітке басып кіріп, жарылғыш затты іске қосқан. Осыдан кейін мешіттен қашып шығып жатқан адамдарды атып тастап отырған. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік салдарынан 235 адам мерт болып, 130 адам жарақат алды. Куәгерлердің сөзінше, мешітте 500-дей адам болған.