05 қазан 2022 | 11:21

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Бородавкин. Фото ©РИА Новости Алексей Бородавкин. Фото ©РИА Новости

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың даулы мәлімдемелерінен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың даулы мәлімдемелерінен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Ресей елшісі Қазақстан СІМ-не әңгімелесу үшін шақырылады. Талқыланатын басты тақырып - Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың мәлімдемесі. Сондай-ақ, күн тәртібінде Ресейдің Украина жағына қойылатын талаптары тұр. Бұл жалпы дипломатиялық тәжірибе. Мария Захарованың украин елшісін Қазақстаннан шығаруға қатысты мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық әріптестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынасына диссонанс тудырады", - деді Смадияров мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол Захарованың елшіні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үндеуіне қатысты пікір білдірді.

"Ресей Сыртқы істер министрлігі өкілінің қандай қылмыстық жауапкершілік туралы айтып отырғанын біз түсінбедік, өйткені Вена конвенциясына сәйкес Қазақстандағы Украина елшісі дипломатиялық иммунитетке ие", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети