Қазақстанда айырбастау пункттерінің қызметін реттеу қалай өзгергендігі туралы журналистерге Ақтөбеде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда айырбастау пункттерінің қызметін реттеу қалай өзгергендігі туралы журналистерге Ақтөбеде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның сөзінше, енгізілген өзгерістер бірінші кезекте айырбастау операцияларының ашықтығын арттыруға, халыққа сапалы қызмет көрсету үшін айырбастау пункттерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
"Біріншіден, айырбастау бағамдарын Қазақстан қор биржасы (KASE) жұмыс істемейтін уақытта өзгертуге бұған дейінгі қолданылған тыйым 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрды. Яғни айырбастау пункттеріне демалыс және мереке күндері валюта нарығындағы өзгерістерді барабар көрсететін айырбастау бағамын белгілеу мүмкіндігі берілді", - деп хабарлады Ахметов. Бұл айырбастау пункттерінің жұмысында туындайтын іркілістерді жою үшін істелгенін түсіндірді. Осылайша айырбастау пункттері халыққа ыңғайлы болу үшін демалыс және мереке күндері әдеттегі режімде жұмыс істейтін болады.
Екіншіден, шегі төмендетілді, одан асып кеткен жағдайда айырбастау пункттері баламасы 2 миллион теңгеден 1 миллион теңгеге дейін айырбастау операцияларын жүргізетін жеке тұлға туралы мәліметтерді тіркеуі қажет. "Бұл айырбастау операцияларының ашықтығын арттыру, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға жәрдемдесу үшін жасалды. Тиісінше қазақстандықтар, шетел валютасын 1 миллион теңгеден асатын сомаға ауыстыра отырып, айырбастау пунктінің кассиріне жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуға тиіс", - деп хабарлады Ұлттық банк басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, оның сөзінше, уәкілетті ұйымдардың банкпен қолма-қол шетел валютасы немесе теңге тапшы болған жағдайда өзінің айырбастау пунктінің кассасын толықтыру туралы шартты жасау бойынша міндеті белгіленген. Ол, егер айырбастау пунктінің кассасында шетел валютасы немесе теңге бітсе, уәкілетті ұйым шетел валютасын сатып алу немесе сату және өзінің айырбастау пунктінің кассасын толықтыру мақсатында өзімен тиісті шарт жасаған уәкілетті банкке өтініш жасауға тиіс екенін түсіндірді. Бұл ретте осындай шарт бірнеше уәкілетті банктермен жасалуы мүмкін.
"Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 55 қаулысымен айырбастау пункттерінің қызметін реттеу үшін өзгерістер енгізілгенін естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.
"Бұған дейін Ұлттық Банк БАҚ-қа айырбастау пунктінің клиенттері үшін валютаның болмауына байланысты ол айырбастау операцияларын жүргізуден бас тартқан жағдайдағы ақпаратты жіберген болатын. Хабарламада клиенттің талап етуі бойынша айырбастау пунктінің кассирі еркін нысандағы анықтаманы беретіндігі көрсетілді. Бұл анықтамада айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасы, анықтаманың берілген уақыт мен күні көрсетіледі. Кассир анықтамаға қол қойып, тіркейді. Кейіннен айырбастау пунктінің клиенті Ұлттық Банк филиалына жоғарыда көрсетілген анықтаманы қоса бере отырып, айырбастау пунктіне шағымдануға құқылы", - деп хабарлады банктегілер.