28 желтоқсан 2015 | 18:08

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шымкент түбіндегі әуе апатынан қаза тапқандарды еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Asker.kz © Asker.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шымкент түбіндегі әуе апатынан қаза тапқандарды еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шымкент түбіндегі әуе апатынан қаза тапқандарды еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осыдан үш жыл бұрын, 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент қаласының маңында болған әуе апатынан қаза тапқан қаруластарымыздың жарқын бейнелері әлі де көз алдымызда тұр. Олар ешқашан ұмытылмайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы аумағында Астана - Шымкент бағытымен келе жатқан Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 27 адам болған: экипаждың жеті мүшесі және 20 әскери қызметші. Әуе апатында Шекара қызметінің барлық жоғары лауазымды жетекшісі қаза тапты. Олардың арасында ведомство директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков, "Оңтүстік" шекара жасағының басқарма бастығы және "Қордай", Сарыағаш" шекара отрядтарының жетекшілері болды.

Кейін 2013 жылы Қазақстанның бас прокуратурасы диспетчер Қанат Ақылбековтің үстінен қылмыстық іс қозғады.

2014 жылдың сәуір айында Шымкент түбіндегі Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп айыпталған диспетчер Қанат Ақылбеков алты жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптаушы тараптың мәліметінше, Ақылбеков ұшақты 2150 метр биіктікте тым ұзақ уақыт ұстаған, бұл әуе көлігінің мұздануына және апатқа ұшырауына себеп болды. Сотталушы әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бұзылуына және ҚР ҰКҚ Шекара қызметінің Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп танылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети