ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне АИ-95 маркалы бензинінің бағасының өсу себебін анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі ЖҚБ желілерінің иелеріне АИ-92/95 маркалы бензинге баға белгілеу құрылымы және АИ-95 маркалы бензинге бағаның өсу себептері туралы нұсқамалар жіберілді. "Нәтижесінде "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ АИ-92/93 маркалы бензиннің бағасын 1 литрін 125 теңге, АИ-95 маркалы бензинге 1 литрін 136 теңге деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Қалған ірі компаниялармен жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне аумақтық бөлімшелеріне де үстем жағдайды теріс пайдалануды, бағалық сөз байласу мен жосықсыз бəсекелестікке жол бермеуді бақылау бөлігінде монополияға қарсы реттеу шараларын күшейту тапсырылды. Жанармай құю бекеттерінің иелеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Қазақстан Үкіметі елдің отын нарығындағы тапшылықты болдырмау мақсатында АИ-92 маркалы жанар-жағар май бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында жанармай қымбаттап жатыр.