ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 желтоқсанда ведомствоның жаңа басшысы Тимур Сүлейменов өзі істейтін ұжымына ҚР Ұлттық экономика вице-министрін таныстырды. Бұл қызметке Айбатыр Жұмағұлов келді. Ол осыған дейін "Қазақстан Тұрғынүйбанк" АҚ басқарма басшысы қызметінде болған. Министр вице-министрге жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.
Еске салайық, биыл 28 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. "Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысы бүгін қол қойған құжатта.
Сондай-ақ, Ақорданың сайтында Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қуандық Бишімбаевтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметінен, Ерлан Ыдырысовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.