Кредитор емес, инвестор - Ұлттық банк пен сарапшылар Қазақстанның Қытайға қарызы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кредитор емес, инвестор - Ұлттық банк пен сарапшылар Қазақстанның Қытайға қарызы туралы Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарыз құрылымындағы Қытайдың үлесін жариялады. Сарапшылар бұл көрсеткіштің қалай қалыптасатынын және оның нені білдіретінін түсіндіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарыз құрылымындағы Қытайдың үлесін жариялады. Сарапшылар бұл көрсеткіштің қалай қалыптасатынын және оның нені білдіретінін түсіндіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Қытайға қанша қарыз?

Реттеуші Tengrinews.kz сауалнамасына берген ресми жауабында халықаралық тәжірибеде борыш жүктемесінің индикаторы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатысты арақатынасы ретінде есептелетінін мәлімдеді.

"Ұлттық банктің есептеулері бойынша, Қазақстан Республикасының Қытай алдындағы сыртқы қарызы 2023-2025 жылдар аралығындағы кезеңде орта есеппен ЖІӨ-нің 3,6 пайызын құрады", - деп хабарлады ведомство.

Ақшалай есептегенде бұл қазіргі уақытта 13 миллиард доллардан аз. Бұл ретте, Қытайдың елдің бүкіл сыртқы борыш құрылымындағы (шамамен 182 миллиард доллар) үлесін салыстыратын болсақ, мұнда да көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен - шамамен жеті пайыз болады.

Ұлттық банк соңғы бес жыл ішінде елдің сыртқы борыш құрылымындағы Қытайға берешек үлесі жалпы алғанда "төмен деңгейде сақталып отырғанын" атап өтті.

Бұл қандай қарыздар?

Ұлттық банк жалпы көлемдегі үкіметтік борыштың үлесі төмен екенін хабарлады - 12,9 миллиард доллардың 200 миллионына жуығы. Қытай алдындағы берешектің негізгі бөлігін квазимемлекеттік ұйымдардың қарыздары (7,3 миллиард доллар) мен жеке сектордың қарыздары (5,2 миллиард доллар) құрайды. Бұл бірлескен жобалардың көптігімен және белсенді сауда-саттықпен түсіндіріледі.

"Квазимемлекеттік және жеке секторлардың Қытай алдындағы берешегі негізінен энергетика, мұнай-газ және мұнай-химия салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты. Бұл ретте берешектің айтарлықтай үлесі Қытаймен сыртқы сауда операциялары нәтижесінде қалыптасқан сауда несиелері болып отыр, оның көлемі шамамен 3,4 миллиард АҚШ доллары болады. Міндеттемелердің қалған бөлігі негізінен стандартты қарыздар мен несиелерге тиесілі", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Ведомство жалпы Қазақстанның мемлекеттік борышы қалыпты деңгейде қалып отырғанын және жалпы сыртқы борыштың шамамен 10 пайызы немесе ЖІӨ-нің 6 пайызы болтынын атап өтті. Сонымен қатар сыртқы борыштың басым бөлігі жеке секторға тиесілі, яғни бұл компаниялардың өздерінің шетелдік инвесторлары алдындағы міндеттемелері. Бұдан бөлек Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы борыштың қанағаттанарлықтай 90 пайызы ұзақ мерзімді міндеттемелерге тиесілі, бұл қысқа мерзімді перспективада қайта қаржыландыру тәуекелдерін төмендетеді.

Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв Telegram-арнасында Қазақстанның көптеген көршісінен айырмашылығы, Қытайға қарыз тәуелділігі төмен аймақта екенін атап өтті. Сондай-ақ сарапшы ҚХР-дың несиелеу жүйесі классикалық жүйеден өзгеше екеніне назар аударады.

"Сонымен қатар Қытайдың классикалық несие беруші ретінде емес, жүйелі инвестор ретінде кіретінін ұмытпаған жөн. Ол ақша береді, құрылыс жүргізеді және көбіне жобаларға өзі қызмет көрсетеді. Қысқа мерзімді перспективада бұл тек пайда әкелгенімен, ұзақ мерзімді перспективада тәуелділік қаупі бар", - деді Чеботарёв.

Ол мұндай жағдайда Қазақстан барынша әртараптандырылған болып көрінеді деп есептейді.

"Қытай қарызының үлесі өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен - демек, маневр жасау үшін кеңістік көбірек және саяси тәуекелдер азырақ. Бұдан бөлек жобалар бойынша әртараптандыруды да атап өткен жөн - Қазақстандағы экономиканың стратегиялық салаларында қытайлық капиталдың шоғырлануы жоқ", - деп түйіндеді сарапшы.

TENGENOMIKA арнасының авторы Руслан Сұлтанов та бір несие беруші алдындағы борыш үлесінің жоғары болуы тәуекелдер тудыратынын айтады. Бұл елдің қаржылық мүмкіндіктерін шектеп қана қоймай, бюджетке түсетін салмақты арттырып, несиелеу шарттарына тәуелділікті күшейтеді.

"Бұл тұрғыда Қазақстан орнықты көрінеді. Қытай алдындағы қарыз үлесінің төмендігі қарыз алуға деген әртараптандырылған тәсілді көрсетеді және бір қаржыландыру көзіне шектен тыс тәуелді болу қаупін азайтады. Бұл экономикаға үлкен икемділік пен сыртқы жағдайларға төзімділік береді", - деп есептейді Сұлтанов.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.05   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети