Криптовалюта, казино және миллиард доллар: Қазақстан шетелдіктерге іздеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Криптовалюта, казино және миллиард доллар: Қазақстан шетелдіктерге іздеу жариялады Қазақстан АФМ фотосы

Астананың Экономикалық тергеп-тексеру департаменті үш шетел азаматына халықаралық іздеу жариялады. Олардың екеуі айналымы 1 миллиард доллар онлайн-казино жұмысы және заңсыз трансшекаралық аударымдар ісіне қатысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кімдерге іздеу жарияланды?

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) үш Украина азаматын 10 күннен бері іздестіріп жатыр. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.

Іздеу салу бастамашысы ҚМА, ал іздестіру шараларын Астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Іздеу базасында Иван Шевченко, Олена Суворова және Вадым Гордиъвскыи есімдері көрсетілген. Олардың не үшін күдікті деп танылғаны нақтыланбаған.

qamqor.gov.kz порталынан алынған мәлімет

Дегенмен іздеуде жүрген екі адамның есімі БАҚ-та жиі аталған.

Миллиардтық онлайн-казино

Вадым Гордиъвскыи мен Олена Суворова шетелдік басылымдарда жиі аталған.

Оқиға 2025 жылдың желтоқсанында басталған. Сол кезде Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноның жолын кескенін хабарлады. Алаяқтар казинодан түскен төлемдерді заңды аударымдар ретінде бүркемелеу үшін "сұр" терминалдар мен жалған келісімшарттарды пайдаланған.

Анықталған заңсыз операциялар көлемі 600 миллиард теңгеден (1 миллиард доллар) асқан. Сонымен қатар call-орталық ұйымдастырушылары серіктестік бағдарлама құрып, сол арқылы криптовалюта түрінде қаражат қабылдап, шығарып отырған. Олардың айналымы 200 миллион USDT-дан (шамамен 103 миллиард теңге) асып кеткен.

Анықтама: USDT (Tether) – криптовалюта әлеміндегі доллардың цифрлық баламасы (стейблкоин). Оның басты ерекшелігі – бір токен бағамы 1 доллар деңгейінде сақталып тұрады.

Сол кезде 70-тен астам тінту жүргізілді. ҚМА 9 адам, соның ішінде Төлем ұйымдары қауымдастығының топ-менеджері тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Тағы 8 шетелдік ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жариялау жоспарланған болатын.

Жаңалық шыққаннан кейін шетелдік БАҚ бұл істің Олена Суворова мен Вадым Гордиъвскыиге қатысы бар екенін жаза бастады.

Мысалы, Украинаның Vlasti басылымы микскодинг (төлемдердің нақты мақсатын жасырудан тұратын көлеңкелі қаржылық схема түрі – ред. еск.) схемасының негізгі ұйымдастырушысы Украина азаматы Вадим Иванович Гордиевский екенін жазды. БАҚ мәліметінше, ол бұл мақсатта қазақстандық Marginplus компаниясын пайдаланған көрінеді. Ал Олена Суворова оның сыбайласы болған деседі. Бұл туралы Украинаның тағы бір порталы – "Антикор" жазды.

"Қазақстандық құқық қорғау органдары Marginplus компаниясының барлық транзакцияларын тоқтатып, шоттарын бұғаттау арқылы заңсыз қаржылық схемаларға айтарлықтай соққы жасады. Бұл ұйым Украина азаматтары Вадим Гордиевский, Лариса Ивченко және Елена Суворова құрған ақшаны жылыстату жүйесінің негізгі буыны деп танылды. Олардың қызметі ресейлік Redcore және Pin-Up онлайн-казиноларынан түскен табысты олардың иесі Дмитрий Пуниннің мүддесі үшін өңдеуге және заңдастыруға бағытталған".

Гордиевский мен Суворова туралы не белгілі

"Антикор" порталы мәліметінше, Гордиевский бұрын Украинаның жоғары лауазымды шенеунігі болған. 2000-жылдардың аяғында Борисполь аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарса, 2012 жылы Одесса облысының жол қызметін басқарған.

Сонымен қатар Вадим Гордиевский айыпталушыларға кепілге ақша беретін "Альта Капитал" қаржы компаниясының директоры болған.

Вадим Гордиевскийznaj.ua сайтынан алынған фото

Басылым дерегінше, жергілікті ІІМ оған іздеу жариялап, құқық қорғау органдары алаяқтық пен қаржылық қылмыстар үшін қылмыстық іс қозғағаннан кейін, ол Украинадан жалған құжаттармен қашып кеткен.

"Антикор" порталының мәліметінше, Олена Суворова өзін кәсіпкер, криптоинвестор және бес жылдан астам тәжірибесі бар трейдер ретінде таныстырады.

Олена Сувороваpoliteka сайтынан алынған фото

Оның FinTech саласында 10 жылға жуық жұмыс істегені, ал 2021 жылы халықаралық криптоаударымдар бизнесін бастап, LemonCoin криптоакадемиясының негізін қалағаны хабарланды.

Еске сала кетейік, мамырда ҰҚК бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялады. Бірқатар басылымда Фрэнк Монстрейдің есімі қашқын қылмыскер Мұхтар Әблязовпен ықтимал байланысы және Nostrum Oil & Gas мұнай-газ компаниясының активтері төңірегіндегі дауларға қатысты аталған.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +35
Астана +22
Ақтау +28
Ақтөбе +23
Атырау +29
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +26
П
Павлодар +18
Петропавл +32
С
Семей +36
Т
Талдықорған +29
Тараз +30
Түркістан +28
О
Орал +32
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер