Кристина Кудайбергенова. Ресейлік қыз Димаштың тегін алды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристина Кудайбергенова. Ресейлік қыз Димаштың тегін алды

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко танымал қазақстандық әртіске деген сүйіспеншілігіне байланысты тегін ресми түрде Кудайбергенова деп ауыстырған, - деп хабарлайды Liter.kz.

"Мен Димашты жақсы көремін. Ол керемет адам, талантты әнші. Мен одан 3 ай 1 күн үлкенмін. Оны алғаш рет 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Андрей Малаховтың "Привет, Андрей!" шоу бағдарламасында көрдім. Шығарылым Игорь Яковлевич Крутойдың мерейтойына арналды. Димашты көргенде бірден ұнаттым, көзіне ғашық болдым.  Бағдарламада шырқаған "Знай" әніне, дауысына ғашық болдым. Осы күнге дейін бұл менің сүйікті әнім", - деді бойжеткен.

Оның айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері көмектескен.

Бұған дейін Димаштың Швейцариядан келген жанкүйері әртістің қазақ тілін үйренуіне түрткі болғанын айтса, неміс радиосы бағдарламаны қазақстандық әншіге арнаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети