"Кірпіштер сынған". Өскеменде жаңа салынған үй бұзылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Желіде Өскемен қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесі №14 үйдің видеосы тарап жатыр. Видеода жаңадан салынған үйдің қирап жатқаны көрсетілген. Яғни төртінші және бесінші қабаттағы қабырға жарыла бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Өскемен қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесі №14 үйдің видеосы тарап жатыр. Видеода жаңадан салынған үйдің қирап жатқаны көрсетілген. Яғни төртінші және бесінші қабаттағы қабырға жарыла бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода болған жайтқа қатысты ер адам пікір білдіріп жатыр.  

"Сыртқы қабырға жарылды. Түнде 04:30 шамасында қапталдар қысылып қалған. Кірпіштері сынған...", - дейді видео авторы. 

Тұрғындардың сөзінше, олар бұған дейін де үй құрылысына қатысты түрлі шағым айтқан, алайда оларға ешкім құлақ аспаған. 

"Біз прокуратураға, қалалық әкімдікке бардық. Былтыр қыста күн суып кеткен кезде отбасымызбен туыстарымыздың үйіне баруымызға тура келді, себебі балалар жаурап, ауырып қалды", - дейді тұрғын Айнұр. 

Оның айтуынша, үйді ипотека арқылы алған, ай сайынғы төлемін төлеп тұрады. 

Өскемен қаласының құрылыс бөлімі Бауыржан Момышұлы атындағы көшеде орналасқан №14 үйді Қазақстан ипотекалық компаниясы салғанын хабарлады. Сондықтан құрылысқа қатысты мәселелерді сол компания шешуі қажет екен. 

"Кепілдік міндеттемелер шарты бойынша олар пайдалану барысында анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті. Бүгінде компания өкілін іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр, бұрынғы басшы жұмыстан босатылды", - деді Өскемен әкімдігінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro