Алматы көшелерінің бірінде әйел жүргізушіге тапанша кезеген Range Rover маркалы көлік жүргізушісінің есімі белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД басшысының орынбасары Ізбасар Бектұров мәлім етті.

Кісіге тапанша кезген әлгі жүргізуші Алматы облысы Сарқан ауданының 1983 жылы туған тұрғыны екені анықталған.
Айта кетейік, Range Rover көлігі Сарқанның 1981 жылы туған әйелдің атына тіркелген екен. Әлгі көліктің жүргізушісін іздестіру шарасы басталғанда, күдікке алдымен көлік иесінің күйеуі іліккен. Алайда кейінірек белгілі болғанындай ол күні рөлде көлік иелерінің танысы отырған екен. Қазіргі уақытта әлгі жүргізуші іздестірілу үстінде. Және осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі де қарастырылуда.
Еске саламыз, бұл оқиға сәуірдің 13-і күні күндізгі сағат 12.00-де Заря Восток елді-мекенінде болған. Ол уақытта Daewoo Matiz көлігін жүргізген әйел Уйғыр көшесімен шығыс бағытқа қарай келе жатқанда, сол көшені қиып өтетін Бердіғұлов көшесінен қара түсті Range Rover марка көлік шыға қалған. Ал оның жүргізушісі болса Daewoo Matiz көлігінде отырған әйелді қорқытпақ болып, тапанша кезеген. Көліктің бейнекамерасына түсіп қалған көрініс кейіннен Youtube сайтына шыққан болатын. Сол уақытта көлік ішінде үш жасар нәресте де болған.