ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды.
"Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 миллион теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!